Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған медицина

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған медицина

2024 жылдың 22 қаңтарында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 3 және 4 курс студенттерімен жоспарлы сабақтар басталды. Жоспарлы сабақтардан басқа, әскерде көптеген басқа да түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Осылайша, 2024 жылдың 29 қаңтарында, университеттің Ғылыми жұмыс жоспарына сәйкес, әскери кафедраның ғылыми үйірмесінің мүшелерімен кезекті кездесу өтті. Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:

  1. Әскери кафедраның 2023-24 оқу жылының 1 оқу семестріндегі ғылыми жұмысын қорытындылау.
  2. Оқудың екінші семестріне мақсат қою.
  3. Ғылыми тезистерді, мақалаларды және жұмыстарды пішімдеудің алгоритмі және дұрыстығы.

Оқудың бірінші семестрін қорытындылай келе, аталған мерзімде үйірме мүшелері түрлі конференцияларға қатысып, төмендегілер баспасөзде жарық көріп, басылымда болғанын атап өу керек:

-2 мақала:

Абдрахманов Мурат  – Клиникалық жағдай: Атыс кезіндегі пневмония

Отарбек Аңсар –  Семей өңірлік гарнизонының жүйке аурулары: мәселелері, ұсыныстары

– 8 тезис:

  1. Даутов Аязхан – Семей қаласы гарнизонындағы офтальмологиялық аурулар;
  2. Карибаева Алуа – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері арасындағы суицид оқиғалары
  3. Кабдиев Санияз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері арасындағы суицидтік көріністер;
  4. Садибеков Азамат – Семей облыстық гарнизонындағы әскери қызметкерлердің тірек-қимыл аппараты;
  5. Сапаралы Ердаулет – 2020-2023 жылдар аралығындағы Семей өңірлік гарнизоны әскери қызметшілерінің қант диабетімен ауыруының анамнезі: проблемалар, ұсыныстар;
  6. Чинтаев Ернұр – 2020-2023 жылдарға арналған Семей өңірлік гарнизонының әскери қызметшілерін алғашқы медициналық тексеру: мәселелер мен шешу жолдары;
  7. Мукашева Алина – «СМУ» КеАҚ студенттері арасындағы дене шындықтырудың физиологиялық маңызы;
  8. Амиртаев Бауыржан – Заманауи аралас қарулы ұрыста жаралыларды ұрыс сызығынан эвакуациялау және тасымалдау әдістері мен тәсілдері.

Екінші мәселе бойынша сөз алған әскери кафедрадағы ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты әскери кафедраның цикл бастығы запастағы полковник Мамыканов Ринат Төлеутайұлы екінші семестрде өтетін конференциялар,  әскери-медициналық ғылым үшін университетіміздің  маңызы, үйірме  міндеттері туралы айтып өтті.

Үшінші мәселе бойынша  5 курс студенті М.Д.Абдрахманов ғылыми білімнің құрылымын түсіндірді: тезистер, ғылыми мақалалар және конференциялардағы баяндамалар. Плагиатқа қарсы тексеруден өтуі тиіс құжаттардың дұрыс рәсімделуіне ерекше назар аудару керектігіне тоқталды

Шешім қабылданды:

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 2023-24 оқу жылының ІІ семестріне студеньтердің ғылыми жұмыс жоспары бекітілсін.

Әскери кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыстарына жауапты запастағы полковник Р.Мамықанов

БАҚ жұмысына жауапты 4 курс студенті Ж.Чоқан

Рубрикалар: Ғылыми жұмыс