СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

31.01.2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ комплаенс-офицері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері Абай Байтабанов Мадияр Дәулетұлымен «СМУ» КеАҚ қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуде тақырыбы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіріліп, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі жайлы айтылды.
Дәріскер Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасының нормаларын, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жайлы түсіндірді.
Аталған кездесуге «СМУ» КеАҚ-ның 270-ке жуық қызметкері қатысты.
Құрметті әріптестер, сіздерден Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ «СМУ» КеАҚ ресми сайтында комплаенс-офицердің байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілгеніне естеріңізге саламыз.
Сондай-ақ, бас ғимараттың бірінші қабатында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жазбаша өтініштерге арналған жәшік орналасқан, оған университет қызметкерлері де, білім алушылары да жүгіне алады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз