Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының жеке құрамы 2023 жылы 31 қаңтарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті жеткізу» туралы сабақ өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,  құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі баптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің баптарын жеткізілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою, жеке құрамға сыбайлас жемқорлық ұғымын, жемқорлық фактілері көрінген жағдайда әрекет ету тәртібі, құқық бұзушылықтар жасағаны және жемқорлық әрекеттеріне жәрдемдескені үшін құқықтық жауапкершілік дәрежелері нақты түсіндірілді.

Әскери  кафедраның аға оқытушысы

запастағы медицина қызметінің подполковнигі    А. Матыцин

Рубрикалар: Қоғамдық өмір