“Жасанды интеллект” кураторлық сағаты

“Жасанды интеллект” кураторлық сағаты

31 Қаңтарда 3205 кураторлық тобында жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті пайдалануға арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатты 3205 тобының кураторы Мүфтиева Г.М  және топ студенті Узбекова Аиша өткізді. Академиялық қызметте жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты академиялық қызметтің барлық түрлері контекстінде жасанды интеллектті қолдануды реттейтін нақты және әділ нормалар мен қағидаттарды белгілеу мақсатында академиялық адалдық лигасының жұмыс тобы әзірледі. Негізгі мақсат – академиялық этика мен адалдықтың жоғары стандарттарын сақтай отырып, елдің барлық жоғары оқу орындарының жасанды интеллект артықшылықтарын пайдалануын қамтамасыз ету.