Жасанды Интеллект

Жасанды Интеллект

2024 жылдың 30 қаңтарында Жорокпаева Мейрамгүл Досанқызы 1121 медицина және 1305 стомотолгия топ студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Бұл сабақ студенттерді жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен және принциптерімен таныстыруға бағытталған.

Кураторлық сағаттың мақсаты студенттерді жасанды интелектімен таныстыру және оның негізгі ұғымдарын түсіндіру болды. Куратор кіріспе бейнені қосу арқылы тапсырманы түсіндірді, содан кейін барлығы жұмысқа кірісті. Студенттер баяндама жасады. Презентациялар «Жасанды интеллектті пайдалану бойынша нұсқаулықты» қамтыды. Онда жасанды интеллект денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс сияқты әр түрлі салалардағы операциялық тиімділікті айтарлықтай жақсарта алатынына көрсетті. Барлық студенттер белсенділік танытты,  материалды меңгеріп, өздері үшін қосымша ақпаратты есте сақтады. Студенттер алған материалды тексеру үшін топтарға бөлінді. Әр топқа осы материалдың оң және теріс жақтарын жазып келу тапсырылды. Топтарда жасанды интелектінің жағымды жақтарына жауаптар көп болды. Дегенмен, кейбір топтар AI пайдаланумен байланысты ықтимал этикалық дилеммалар мен қауіпсіздік мәселелері туралы сұрақтарды да көтерді. Куратор AI технологияларын бағалау кезінде сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығын атап өтіп. Қазіргі әлемде AI-ны түсіну маңыздырақ болып келе жатқанын атап өттіп, сондай-ақ студенттерді өз мамандықтарының бөлігі ретінде AI-да одан әрі кеңінен оқып, пайдалануға шақырды.

 

Топ кураторы

Жорокпаева М.Д.