Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының Батыры

Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының Батыры

2024 жылдың 29 қаңтарында әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген қызымыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған  тәрбие сағаты өткізілді.

Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия), қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген.

Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия Молдағұлованың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірген болатын. Бірақ, біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-біліктілігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат болмады, алайда,  жас қазақ қызы алға ұмтылып, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді, Ленин орденімен марапатталды.

Студенттер есімі ел есінде қалған батыр қызымызды еске алып, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін оятып, батыр қызымыздың ерен ерліктерін жарыса айтып, тәрбие  сағаттан үлкен бір әсер алған болатын.

Әлия Молдағұлованың ерлігі мен батырлығы қаншама жылдар өтсе де, жадымызда бүгінгі күнге дейін сақталмақ.

Әскери кафедраның 3516 топ студенттері