“Х ауруы” дөңгелек үстелі

“Х ауруы” дөңгелек үстелі

“X ауруы” – бұл халықаралық эпидемияны тудыруы мүмкін дерексіз ауру. Мұндай эпидемияны адамзатқа белгісіз қоздырғыш тудыруы мүмкін деп саналады. Бұл терминді Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылдың ақпанында дәрі-дәрмектерді немесе емдеу әдістерін шұғыл әзірлеуді қажет ететін патогендер мен аурулардың тізімі үшін қабылдады. 2 ақпанда 611 топтың интерндері оқытушылар С.Б. Маукаева және Г.И. Нуралиновамен бірлесіп инфекционист дәрігерлерге, инфекцияға оқитын 5 курс студенттеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Дәрісте болашақ пандемияға дайындық мәселелері, пандемияға дайындық бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру қажеттілігі ашылды.