“СМУ” КеАҚ студенттері қалалық жоғарғы және колледждер арасында волейболдан чемпион атанды

“СМУ” КеАҚ студенттері қалалық жоғарғы және колледждер арасында волейболдан чемпион атанды

Семей қаласы бойынша жоғарғы және колледж студенттер арасында волейболдан СМУ КеАҚ ерлер құрама командасы тағы да чемпион атанды. Жарысқа қаланың оқу орындарынан 10 команда қатысты. Команда екі топқа бөлінді. Біздің команда топтық кезеңнен сүрінбей өтті. Финалда біздің студенттеріміз  А.Бөкейхан атындағы университеттің мықты командасымен кездесіп, біздің команда нәтижелі ойын көрсетіп жеңіске қол жеткізді.

Қаламызда волейболдан студенттер арасында жарыстар жиі өткізіліп тұрады, СМУ КеАҚ студенттері (қыздар командасы,ерлер командасы) жанкүйерлерінің үмітін ақтап әрқашан чемпион атанып жүлделі орындарға ие болып жатады.

Біздің команданы және команда тренері аға оқытушы Самат Серикович Смагуловты кезекті жеңіспен құттықтаймыз!