Жасөспірімдердің жүктілігі. Контрацепция әдістері. ЖЖБИ

Жасөспірімдердің жүктілігі. Контрацепция әдістері. ЖЖБИ

Жасөспірімдердің жүктілігі-бұл нақты себептері бар және ауыр медициналық, әлеуметтік және экономикалық салдарға әкелетін жаһандық құбылыс. 1.02.2024 жалпы тәжірибелік дәрігерлер кафедрасының PhD профессоры Шалгумбаева Г.М. және жалпы тәжірибелік дәрігерлер  кафедрасының ассистенті Сайдуалиев Д.Н., жетекшілігімен отбасылық медицина мамандығының 2 жыл резиденттері: Мұжанова А.С,  Мырзекенова Т.Е., Калиевана Н № 30 мектебінде  “Жасөспірімдердің жүктілігі. Контрацепция әдістері. ЖЖБИ ” семинар өткізді. Басында кіріспе сөзбен профессор Г. М. Шалгумбаева және кафедра ассистенті Д. Сайдуалиев сөз сөйледі. Әрі қарай резиденттер жасөспірімдер арасындағы жүкті әйелдер туралы статистикалық мәліметтерді келтіріп, контрацепцияның барлық әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып, жасөспірімдер үшін мүшеқап қолайлы әдіс болып табылатындығына назар аударды. Сондай-ақ, резиденттер жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы, клиникалық көріністер мен олардың алдын-алу әдістері туралы айтты. Жәнеде, жасөспірімдер қажетсіз жүктілік пен ЖЖБИ-ден 100% қорғаныс жыныстық қатынастан бас тарту болып табылатындығына ерекше назар аударды.

Рубрикалар: Семинарлар