Абай облысында баскетболдан СМУ КеАҚ құрамасы күміс жүлдегер атанды

Абай облысында баскетболдан СМУ КеАҚ құрамасы күміс жүлдегер атанды

Абай облысы университеттері және колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейболдан өткен спартакиадада  СМУ КеАҚ қызметкерлері мен оқытушылар құрама командасы күміс жүлдегер атанды. Жыл сайын Абай облысының жоғарғы және колледж оқу орының оқытушылары мен қызметкерлері арасында оқу жылында әр түрлі спорт түрінен жарыстар өткізіліп тұрады. Оның ішінде СМУ КеАҚ командасы баскетболдан жыл сайын үнемі жүлделі орындарға ие боп тұрады.

Бұл жолы баскетболға облыстың ең мықты 8 командасы қатысып, айналмалы жүйеде (барлығы бірге) ойын көрсетті. Барлық турнирдің қорытындысы бойынша біздің команда бір жеңіліспен аяқтап,турнир қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.

Біздің команда құрамында:

Джунусов Талгат Габдулдаевич – СМУ КеАҚ травматология және балалар хирургиясы кафедра ассистенті;

Толегенов Мерей Муратович – СМУ КеАҚ м.ғ.д., профессор Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедра ассистенті;

Бердәлі Медғат Бауыржанұлы – СМУ КеАҚ м.ғ.д., профессор Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедра ассистенті;

Жанаспаев Марат Амангазиевич – СМУ КеАҚ травматология және балалар хирургиясы кафедра ассистенті;

Мусин Жандос Маликович – Цифрлық технология бөлімнің инженер – технигі;

Кыдырбаев Асхат Маратович – СМУ КеАҚ дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы.

Команданы дайындап жарысқа шығарған СМУ КеАҚ дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Иван Вячеславович Селихов.

Университетіміздің ұжымы оқытушылар құрамы мен қызметкерлері дене шынықтыру кафедрасымен  бірлесіп әр түрлі спорттық іс- шараларға қатысып,спортпен айналысып салауатты өмір салтын ұстанады.

Біздің барлық спортшыларымызды құттықтап, алдағы жарыстарға да сәттілік тілейміз!