Біз жасай аламыз! Мен істей аламын! 4 ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні!

Біз жасай аламыз! Мен істей аламын! 4 ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні!

Жыл сайын 4 ақпанда бүкіл әлем 21 ғасырдағы өлімнің басты себептерінің бірі болып табылатын қатерлі ісікке қарсы күресте бірігеді. Бұл күні барша адамдар бірігіп бұл ауру туралы хабардарлықты арттыру және аурудың алдын алуға, анықтауға және емдеуге арналған іс шаралар өткізеді. Күш біріктіру арқылы біз көптеген іс-шаралар қолдана аламыз және қатерлі ісік ауруынан болатын өлімді азайта аламыз. Аурудың себептерін, қауіп факторларын, алдын-алу шараларын білу және оларды сақтау маңызды. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында студенттердің қатерлі ісіктің алдын алу жөніндегі ғылыми жобасының жұмысын жалғастыра отырып, 2 ақпанда Қазақстандағы қатерлі ісік проблемасына арналған биохимия және химиялық пәндер кафедрасында 1121 ЖМ тобының студенттерімен әңгімелесу өтті. (жауапты Калиев Сернад, Олжаева РР.). Бұдан әрі ЖМ 1121 тобының студенттері Қалиев Сернад, Асхатұлы Мағжан ғылыми жетекшісі Р.Р. Олжаевамен бірлесіп Семей қаласының “Б. Момышұлы атындағы №34 ЖОББМ” КММ-де қатерлі ісік проблемасына арналған акция өткізді. Студенттер 8-11 сынып оқушыларына дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнінің рөлі туралы бейне көрсетті, Қазақстанда, Абай облысында аурудың статистикасы, аурудың алдын алу туралы презентациясын ұсынды, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді және Google нысаны сауалнамасын ұсынды. Іс-шараға қатысушылармен сұхбаттасу кезінде,өкінішке орай, 50 пайыздан астамында туыстары мен жақындары қатерлі ісікке шалдыққан немесе ауырғаны анықталды. Себептерді білу және алдын алу шараларын сақтау маңызды! Мектеп әкімшілігіне, химия және биология пәнінің мұғалімі Олжаева Ғалия Романовнаға іс-шараны бірлескен ұйымдастыруда және маңызды ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бергені үшін Алғыс білдіреміз. Баршаңызға денсаулық, салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға, өз денсаулығыңызға және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына бей-жай қарамауға, стресстен аулақ болуға, дұрыс тамақтануға, уақытында тексерілуге тілектеспіз.

Олжаева Р. Р., ОМ 1121 тобының студенттері Калиев Сернад, Асхатұлы Мағжан