“Коммуникативтік дағдылар” қысқы мектебі

“Коммуникативтік дағдылар” қысқы мектебі

Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында 2024 жылдың 22-31 қаңтарында “Коммуникативті дағдылар” қысқы мектебі өткізілді. Қысқы мектепке “Жалпы медицина”, “Педиатрия” мамандықтарының екінші және бірінші курс студенттері қатысты. Қысқы мектеп тыңдаушылары үшін үш кредит және оқу-әдістемелік материалдар есебінен силлабус дайындалды. Кездесу соңында алынған білім бекітіліп, практикалық дағдыларды бағалау түрінде кері байланыс алынды. Кафедра қысқы мектептің барлық қатысушыларына алғыс білдіреді.

Студенттер оңай байланыс орнатуды үйренді, әңгімені қолдай алады, келіссөздер жүргізе алады. Өйткені, қарым – қатынас жасау қабілеті – бұл жеке тұлғаның ерекшелігі ғана емес, бұл дәрігер оқу процесінде алатын және одан әрі клиникалық тәжірибеде жетілдіретін дағдылар жиынтығы.

Салтанатты жағдайда қатысушыларға сертификаттар табысталды. Студенттер қысқы мектепті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін бүкіл ұжымға алғыстарын білдірді.

Қысқы мектепті өткізуге жауапты Мамырханова Г.М.

Рубрикалар: Оқу процесі