Академиялық қызметте жасанды интеллектті (АИ) пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Академиялық қызметте жасанды интеллектті (АИ) пайдалану жөніндегі нұсқаулық

“Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасында 2024 жылғы 05 Ақпанда 4217 ЖМ кураторлық тобында “академиялық қызметте жасанды интеллектті (АИ) пайдалану жөніндегі Нұсқаулық”тақырыбында тәрбие жұмысы жүргізілді. Кураторлық сағатты топ кураторы Рақымғазиева А.С. өткізді.

Осы академиялық қызметте жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану жөніндегі нұсқаулықты (Нұсқаулық) Қазақстанның жоғары оқу орындарына тән академиялық қызметтің барлық контексінде ЖИ-ді қолдануды реттейтін нақты және әділ нормалар мен қағидаттарды орнату мақсатында Академиялық адалдық лигасының (AIL) жұмыс тобы әзірледі. Бұл құжат Maqsut Narikbayev Universit-дің үш Мектебінің (факультетінің): Халықаралық экономика мектебі (ХЭМ), Гуманитарлық Жоғары Мектебі (ГЖМ) және Құқық жоғары мектебінің (ҚЖМ) күшін, сондай-ақ қазіргі күні ЖИ-ді білімде қолдану саласындағы халықаралық тәжірибені біріктіреді.

Жасанды интеллектіні өздерінің оқу және зерттеу тәжірибелеріне енгізу процесінде жүрген немесе Академиялық адалдық қағидаттары мен этикалық стандарттарды сақтау қажеттілігін ескере отырып, қолда бар тәсілдерді жақсартқысы келетін жоғары оқу орындарына пайдалануға ұсынады.