Анемиямен ауыратын насқастарды жүргізу тактикасы

Анемиямен ауыратын насқастарды жүргізу тактикасы

Ұйымдастырушы: ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы.

Бастамашы: Мүфтиева Г.М, кафедра ассистенті.

Оқыту форматы: офлайн.

Қысқы мектеп 3 курстар аласында ең жиі кездесетін «Анемиямен ауыратын науқастарды жүргізу тактикасы» бойынша ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында жүргізілді. Кафедра ассистенті Г.М Мүфтиеваның бастамасымен “Анемиямен ауыратын насқастарды жүргізу тактикасы” қысқы мектебі өткізді. Қысқы мектеп 2024 жылғы 15-19 қаңтар аралығында  3-ші курс студенттері үшін өткізілді. Оқыту жатақхананың №3 корпусы 2 қабатында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында офлайн форматта өткізілді.

Студенттер анемия ауруының этиологиясы, патогенезін, клиникасының өзекті мәселелерін ашты, клиникалық-диагностикалық ерекшеліктерін қарастырды.

Салтанатты жағдайда қатысушыларға сертификаттар табысталды. Оқушылар қысқы мектепті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін бүкіл ұжымға алғыстарын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар