Семей қаласындағы ЖТД кафедрасындағы профилактикалық медицина мектебі

Семей қаласындағы ЖТД кафедрасындағы профилактикалық медицина мектебі

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орындарында жаңа туған нәрестелерге педиатриялық көмек көрсету дағдыларын оқыту жалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысындағы маңызды орындардың бірін алады. «Дені сау балаларды өсіру» айдарымен 2024 жылдың 5 ақпанында профилактикалық медицина мектебі өтті. Оқыту ерте жастағы балалардың патронаттық бақылауды ұйымдастыру мәселесіне арналды. Мектепті дайындау мен өткізуге 714 және 715 ЖТД топтарының интерндері белсенді қатысты.

Түрлі-түсті презентация мен фильмді көрсетумен қатар, викторина өткізілді, оған кафедрада оқитын 6-7 курс  интерндары ат салысты. Патронаттық тәрбиені ұйымдастыру балалардың физикалық және психоәлеуметтік дамуын бақылауды, сондай-ақ баланы күту процесіне отбасын тартуды және ерте жастан салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуді қамтиды. Мектепте бала мен ананың денсаулығын бағалау, жаңа туған нәрестеге күтім жасау ережелері, жаңа туған нәресте бұрышының болуы, баланы анасының емізуі әдістерін үйрету және қосымша тағамдарды енгізу сияқты маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Профилактикалық медицина мектебі кафедра меңгерушісі, профессор Дюсупова А.А., кафедра қызметкерлері: Терехова Т.И., Фаизова Р.И., Беляева Т.М., Камашева Г.Т., Юрковская О.А. -дың жетекшілік етуімен дайындалып өткізілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар