«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің үздік студенті» жобасы

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің үздік студенті» жобасы

Астанада Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және т.б. студенттер қатысқан ТМД елдерінің ғылыми және оқу орындары арасындағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің үздік студенті» жобасы аяқталды. Жобаны «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Халықаралық студенттер қауымдастығы ұйымдастырды. Байқауға ғылым, спорт, өнер, белсенді жастар ұйымдары бойынша студенттер қатысты.

Докторант Калимолдина Г.К. және резидент– гастроэнтеролог  Кеукенова М.М ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік студент – 2024» медалімен марапатталды. Ғылыми жарияланымдары «ТМД талантты жастарының халықаралық энциклопедиясы» жинағына енді.

Докторанттың ғылыми жетекшісі ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Муздубаева Ж.Е. «Үздік студент – 2024» жобасында белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хатқа ие болды.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

Рубрикалар: Категориясыз