Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024-2025 оқу жылына «Семей медицина университеті» КеАҚ түсу туралы шалғай облыстардағы мектеп  бітіруші сыныптары оқушылары арасында ақпараттық- түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында,  «СМУ» КеАҚ  2,3,4 курстың студенттері Бақытжарова Н., Құдайбергенова С., Чокан Ж.,Аққазықызы Ж., Казытаева Г.,  Шерепет Г., Мақтабай Д., Шадибекұлы Д., Шаяхмет Ә., Нахмедин А., Орнықбай Б., Амангелдіқызы А., Байбатырова А., Байбатырова Аяжан тұрғылықты мекен-жайлары бойынша  орналасқан  мектептерге жіберілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Аягөз ауданының Баршатас және Айғыз ауылының, Қосшы ауылының, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылының, Қызылорда облысының Қазалы,Шиелі, Қармақшы аудандарының, Жетісу облысы Теректі аулының, Мақаншы ауданы Мақаншы ауылының мектеп түлектерімен кездесті.

Мектеп оқушыларына «Семей медицина университеті» КеАҚ имидждік бейнеролик көрсетіліп, «МУС» КеАҚ-да жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, университетке түсу және оқу шарттары туралы ақпарат бар буклеттер таратылды. Оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді. Кәсіптік бағдар беру шарасы оқушылар мен студенттерге ұнады.

Қабылдау комиссиясы және Medical foundation бөлімі студенттерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс білдіреді.