КеАҚ СМУ-нің ТЖД тренингіне қатысуы

КеАҚ СМУ-нің ТЖД тренингіне қатысуы

2024 жылдың 24 қаңтарында «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» және «Қоғамдық келісім – орталығы Достық үйі» КММ ұйымдастыруымен Абай облысының ТЖД Жедел құтқару жасағында «Қоғамдық  институттар мен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара іс-қимыл» тренингі өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты төтенше жағдай кезінде адам айналасында қауіпсіз ортаны құру және сақтау. Тренингке университетіміздің симуляция және білім беру технологиялары кафедрасының мұғалімі Ықыбаева Н.Б және студенттік «FAMS» үйірмесінің мүшелері қатысты. Жедел құтқару жасағына маңыздылығы бар, ең жиі кездесетін жүрек-өкпе реанимациясы, тырысу, қан кету кезіндегі алғашқы көмек көрсетіле отырып дағдыларды меңгеру, көмекке шақыру әдістері жүргізілді.  Құтқарушылар жасағы дағдыларды қызығушылықпен, белсенділікпен үйренді.