Нефрологиялық циклдегі клиникалық құзыреттіліктерді дамыту

Нефрологиялық циклдегі клиникалық құзыреттіліктерді дамыту

Бакалавриат білімінде соңғы оқу нәтижелеріне қол жеткізу және клиникалық құзыреттіліктерді меңгеру үшін оқытудың әртүрлі инновациялық әдістері қолданылады әсіресе TBL, SP, CBD және т.б. технологиялар мұғалімдердің күнделікті жұмысына айналды. Нефрология мамандығының 4 курс студенттерімен «Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, СВL әдісімен жұмыс істеу қалыпты, патологиялық анатомия, физиология, зертханалық және аспаптық диагностика бойынша негізгі білімді қайталау ғана емес, сонымен қатар дәлелді медицина позициясынан терапиялық емдеу тактикасына сәйкес жіктелуі бойынша қорытынды диагнозды қоюдың диагностикалық критерийлері, синдромдық талдау жүргізе отырып клиникалық ойлау дағдылары шыңдануда.Клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін студенттерге берілген тақырып бойынша жағдайларды өз бетінше құрастыру ұсынылады.

Кафедраның доценті Алибекова Р.И. топтың оппоненттерді тағайындау арқылы дискуссиялық форматта жағдайларды клиникалық талдаумен студенттің өзіндік жұмысын бақылау бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті, 4101ЖM топтың студенттерінің оң пікірлерін атап өтсек, мұнда әр бір студент қиындықтар мен қателер болғанын, бірақ топтық жұмыс болғанын атап өтті және кері байланыста диагностикалық ізденіс, диагностика және емдеу әдісін таңдауда клиникалық дағдыларды дамытуға оң әсерін бергені ескертілді.

 

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі