«Оқу қызметіндегі жасанды интеллект» атты кураторлық сағат

«Оқу қызметіндегі жасанды интеллект» атты кураторлық сағат

2024 жылдың 6 ақпанында «Фармация» мамандығының 402 тобының кураторы Лауенова С.А. оқу қызметіндегі жасанды интеллект қолдануды түсіндіру мақсатында кураторлық сағат өткізді.

Оқу сағатының мақсаты: студенттерді оқу іс-қызметінде жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану бойынша нұсқаулықтармен таныстыру болды.

Іс-шарада «Оқу іс-әрекетінде жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану бойынша нұсқаулық» атты презентация ұсынылды, үш тілде әдістемелік нұсқаулар  көрсетілді. Әдістемелік нұсқаудағы «Дереккөздер мен құралдардың көрсеткіштері», «Анықтамалар мен терминология», «ЖИ қолданудың жалпы принциптері», «Оқу іс-әрекетінде ЖИ қолдану ережелері» бөлімдері талқыланды.

Куратор сағатының мақсаты орындалды. Студенттер жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен, білім беру ортасын қалыптастыруға және озық технологиялық үрдістерді талқылауға қатысу мүмкіндігімен және оқу үдерісін автоматтандыру және интеллектуалды білім беру платформаларын пайдалану арқылы ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы білді.

 

Фармация-402 тобының кураторы Лауенова С.А.

Жарияланды: