Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

2024 жылдың 30 қантарда м.ғ.к. доцент м.а. Салтанат Мұратбекқызы Әділғожинаның жетекшілігімен 5432 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы тақырып талқыланды: қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық аспектілер бойынша. Қазіргі уақытта, тұрмыстық зорлық-зомбылық ең өткір және кең таралған әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек отбасылық қатынастардың бұзылуымен ғана емес, жалпы отбасының негіздері мен моральдық құндылықтарының жоғалуымен тікелей байланысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан әлсіз отбасы мүшелері ұрып-соғудың, қорқытудың және қорлаудың барлық түрлерінің құрбаны болады, бұл қолайсыз отбасылардың санын көбейтеді, ажырасуға, ата-ана құқығынан айыруға, балалар қылмысының өсуіне, суицидке, адамның денсаулығы мен моральдық жағдайына зиян келтіруге, тіпті кісі өлтіруге әкеледі.

Жарияланды: