Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар-тренинг

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар-тренинг

2024 жылғы 7 ақпанда “Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясы”КМҚК орталық станциясында аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинарға Семей қаласының Жедел жәрдем қызметінің орталық станциясының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, фельдшерлер) қатысты.
Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасында білім алушылар 5205 топ бакалаврлары осы семинар-тренингке белсенді қатысты.
Дәріскерлер әлемдегі, ҚР-дағы бруцеллез, сібір жарасы, оба, тырысқақ, геморрагиялық қызба, Ковид-19, кене энцефалиті сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды атап өтті. Семинардың екінші кезеңі “Аса қауіпті инфекциясы бар науқасты анықтаған кезде “03” медициналық қызмет персоналының іс-қимыл алгоритмі”, “обаға қарсы костюм кию және алып тастау тәртібі”, “Аса қауіпті инфекциядан зертханалық зерттеулерге науқастан материал алу ережелері”атты практикалық тренинг болды. Тренинг барысында Аса қауіпті инфекциясы бар науқасты анықтау кезінде медициналық персонал алгоритмінің барлық қадамдары айқын көрсетілді.

Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар