07 ақпан 2024 ж., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің әдіскері С.А. Кайгелдинова және стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының ассистенті Е.Е. Өртбаев Бесқарағай ауданының мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатымен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Бесқарағай ауданының мектеп оқушыларын «СМУ» КеАҚ-мен таныстыру және оқуға тарту.
Іс-шараға аудандағы мектептердің 10, 11 сынып оқушылары және олардың ұстаздары қатысты.
«СМУ» КеАҚ-ның қарқынды инфрақұрылымдық дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы толық ақпаратты бейнеролик пен презентация ұсынылды. Бесқарағай ауданының оқушылары «СМУ» КеАҚ-ның 70 жылдық тарихымен және бүгінгі табысты қызметімен жан-жақты таныстырылды.
Кездесу барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қосымша материалдар да белсенді пайдаланылды, олар мектеп оқушыларына «СМУ» КеАҚ туралы ақпараты бар парақшалар мен буклеттер түрінде таратылды.
Шара соңында оқушылар мен мектеп мұғалімдері «СМУ» КеАҚ өкілдеріне алғыстарын білдірді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]