Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2023 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының «Оқу-тәрбие процесінде «Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз», «Бірлігіміз – әралуандықта» мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету» тақырыбындағы отырыс қорытындысының ұсынымдарын және 2023 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесуі барысында берген хаттамалық тапсырмалары бойынша әзірленген ұсыныстарды негізгі ала отырып, 2024 жылдың 03 ақпан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ № 3 үйінде жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары студенттеріне этносаралық келісімді нығайту, студент жастар арасында құқықтық мәдениет пен ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алу, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Атаулы шарамыздың арнайы қонақтары Орталық полиция басқармасының бастығының орынбасары, полиция капитаны Ибраимов Айдын Еркингазиевич және Орталық полиция бөлімнің ювеналдық бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Қорабаева Бисулу Корабаевна қатысып, студенттерімізге ақпараттық-танымдық дәріс оқыды. Сонымен қатар кафедрамыздың оқытушылары Л.К.Садыкова, Э.А. Мұздыбаева, Э.А. Жакупбекова, Т.А. Мұздыбаева, Ф.Г. Демеуовалар қатысып, студенттерімізді толғандырып жүрген құқықтық сауаттылық мәселелері мен сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]