Лудоманияға қарсы профилактикалық жумыс туралы кездесу

Лудоманияға қарсы профилактикалық жумыс туралы кездесу

2024 жылдың 8 ақпанында «Семей медицина университеті» КЕАҚ «Психиатрия және наркология» кафедрасының оқу ісі меңгерушісі , Ермекбаев Асхат Уәзірханұлы , Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесіп , профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты  Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері арнасында «Лудомания» яғни ойынға тәуелділік мәселесі туралы хабардар ету. Профилактикалық жұмыс барысында қызметкерлерге ойынға тәуелділік мәселесінің барлық аспектілері айтылды. Дәріс барысында ойынға тәуелділіктің негізгі себептері, даму кезеңдері, алдын алу шаралары, жағымсыз салдары туралы айтылып, қызметкерлерге тұрғындар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар белсенділік көрсетіп, сұрақтар қойды, пікірлерімен бөлісті.Отырысты ұйымдастырған Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшылығына алғысымызды білдіреміз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]