07.02.2024 жылы 1-2 курс кафедраларының меңгерушілері үшін “жалпы білім беретін пәндер мен базалық пәндер кафедраларында оқу процесін ұйымдастыру және кесте құру” тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Дәріскерлер ретінде “Жалпы медицина” және “Педиатрия” мамандықтары бойынша 1 және 2 курс үйлестірушілері проф. Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., доцент Кожанова Сәуле Кеңесханқызы және кафедраның аға оқытушысы Садықова Динара Ормбайқызы сөз сөйледі. Мастер-класстың бірінші сағаты кесте құру кезінде туындайтын негізгі мәселелерді талдауға және жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге арналды. Әрі қарай интерактивті түрде үйлестіруші С. К. Кожанова әзірлеген және ұсынған шаблон негізінде кафедра кестесін құру бойынша практикалық жұмыс жүргізілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]