2024 жылдың 08 ақпанында 4319 топ студенттерімен, әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі
А.В. Матыциннің басшылығымен, жастар арасында экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл және қауіпсіздік мәселелері бойынша кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында толеранттылықты қалыптастыру және экстремизмнің, терроризмнің алдын алу болды.
Осы іс-шараны өткізу барысында студенттерге презентация ұсынылды, онда олар діни секталар мен экстремистік ұйымдардың негізгі мақсаттарымен, белгілерімен, терроризмге, экстремизмге төзімділікті, әділдікті, экстремизмге теріс көзқарасты қалыптастыруға ықпал еткен террористік акт кезіндегі мінез-құлық ережелерімен танысты.
Бұл өз алдына, студенттерді бейбітшілікке, басқа адамдардың пікірін қабылдауға және де түсінуге тәрбиелеуге, олармен оң қарым-қатынас жасай білу қасиеттерін қалыптастыруға әсерін тигізетін шара.
Кураторлық сағатқа әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.О. Орынбасаров қатысып, аталған іс-шараның өткізілуіне оң баға берді.
4319 топ студенттері, жалпы медицина