«Ахау Семей» қазақтың ұлттық құндылықтарын қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Жұматаевамен «Семей медицина университеті» КеАҚ ЖББП кафедрасының оқытушылары Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы, Ғалымова Асем Дуйсенгалиқызы «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты тақырыпта Облыстық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, «Семей медицина университеті» КеАҚ “Стоматология” мамандығының 1315 тобы студенттері қатысты. Ic – шара барысында қатысушылар қазақстандық патриотизмді дамыту, қоғамдағы негізгі құндылықтарды-бейбітшілік, бірлік пен келісімді нығайту мәселелерін талқылады.. Дөңгелек үстелдің соңы әдемі концерттік бағдарламамен аяқталды. Бұл шараға шет елдік білім алушылар да қатысып өз өнерлерін көрсетті. Rajan Gohil “Ойлай берем” әнін орындады. Студенттер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, өнерлерін паш етті. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті қазақ жері көптеген этнос өкілдеріне құтты қоныс болды. Содан болар, бүгінде ел ішінде тату тірлік бар, ынтымақ пен бірлік бар.
ЖББП кафедрасының оқытушылары Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы және Ғалымова Асем Дуйсенгалиқызы