Көрнекті психиатр Н.А.Сайфуллинамен кездесу

Көрнекті психиатр Н.А.Сайфуллинамен кездесу

09.02.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасында “Көрнекті дәрігер психиатр Сайфулина Нина Аркадьевнамен кездесу” атты іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушылар: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, Phd докторы Т.М. Молдағалиев, кафедра доценті Н.Н. Оспанова, ассистент А. А. Алмагамбетова, С. В. Альпищева Госпитальдық хирургия, Анестезиология және реаниматология кафедрасы, А. Р. Абылханова ҚР ҰААА корреспондент – мүшесі А. З. Дюсупов атындағы шұғыл медицина кафедрасы.

Қатысушылар: 5108, 5318,5331 топтардың студенттері, 1 және 2 жыл оқыған резиденттер.

Сайфулина Н.А. 1980 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу дело мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1980 жылдан бастап Павлодар қаласының психиатриялық ауруханасында жұмыс істей бастады. 1984 жылы клиникалық ординатураға түсіп, аяқтағаннан кейін Семей психиатриялық ауруханасында учаскелік психиатр дәрігері лауазымында жұмыс істеді, онда кейіннен түрлі қайта ұйымдастыру жүргізілді, қазіргі уақытта “Облыстық психикалық денсаулық орталығы” деп аталады.

Өзінің кәсіби дағдылары мен білімінің деңгейін үнемі арттырып отырады. Конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады. Жоғары кәсіби қасиеттерге ие. Ол үлкен жұмыс көлемін жеңе алады, принципті, әріптестерімен әдепті, мұқият және мейірімді.

Бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, Семей қаласы және ШҚО денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен, Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен, ШҚО әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды, дәрілік препараттарды енгізу бойынша екі рет марапатталды.

Студенттер, резиденттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында қатысушылар кәсіби қызметте пайдалы болатын білім алғанын атап өтті.