02.07.2024 ж. Эпидемиология және биостатистика кафедрасы 4 курс студенттерімен Семей қаласының Т.Аманов атындағы №16 орта мектебінде 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру әңгімесін өткізді.
Эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі Байбусинова А.Ж. және бас оқытушы Ордабаева И.Н., «Жалпы медицина» факультетінің 4216 топ студенттерімен «Семей медицина университеті» КЕАҚ имидждік бейнероликті көрсетіп, университет тарихымен және оқу үдерісін ұйымдастырумен толық таныстырды. Университеттегі оқу, білім беру бағдарламаларымен, академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктерімен, оқуды бітіргеннен кейін алатын біліктіліктермен, оқудан кейінгі мүмкіндіктерімен және т.б. туралы ақпараттарымен таныстырды.
4216 топ студенттері оқу кезіндегі өмір оқиғаларымен бөлісті, университетте тек оқуда ғана емес, еріктілік іс-шараларын жүргізу, түрлі ғылыми және спорттық секцияларға, клубтарға, ұйымдарға қатысу мүмкіндіктер туралы айтты. Университетте химия және биология бойынша дайындық курстары туралы да айтылды. Әңгіме соңында барлық оқушыларға «Foundation» мектебінің жадынамалар таратылды.
Студенттер университет туралы ақпаратты зор ынтамен тыңдап, кейбір мектеп оқушылары біздің университетке түсуге ниет білдірді.[/vc_column_text]