“Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбындағы Профилактикалық медицина мектебі

“Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбындағы Профилактикалық медицина мектебі

Ерте жүктілік мәселесі бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі, өйткені елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында жасөспірімдерде ерте жүктілік пен босану саны жыл сайын артып келеді. Бұл бүкіләлемдік үрдіс. ДДҰ мәліметтері бойынша, 15-19 жас аралығындағы 16 миллионға жуық қыз жүкті болып, босанады, бұл әлемдегі барлық босанулардың 11% құрайды. ҚР-дағы ақпараттық базаның деректері бойынша 2022 жылы 15-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы жүкті әйелдердің көрсеткіші (қоса алғанда) тиісті халықтың 1000-на 6,0 құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 13% – ға артық.

Медициналық аспектіден басқа, бұл мәселенің әлеуметтік және экономикалық аспектілері де бар. Жасөспірімдердің жүктілігінің негізгі психо-әлеуметтік проблемаларына толыққанды білім алу мүмкін еместігі, кедейлік, шектеулі кәсіби мүмкіндіктер, толық емес отбасында баланы тәрбиелеу және жоспарланбаған жүктіліктің тез қайталануы жатады. Тағы бір маңызды фактор-некеден тыс туылған балалардың көбеюі. Жасөспірімдер арасында заңсыз балалардың туылу жиілігі ересек жастағы әйелдерге қарағанда 2 есе жоғары.

Осы тақырыптың өзектілігіне байланысты 12.02.2024 ж Семей қаласының ЖТД кафедрасының қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, Т. М. Беляева, Т.И. Терехова, А. М. Хисметова екінші оқу жылының резиденттері А. А. Төлеуғазиновамен, Т. Е. Мырзекеновамен бірлесіп №18 мектепте 7 және 8 сынып жасөспірім қыздарымен “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында профилактикалық медицина мектебін ұйымдастырды және өткізді. Айтылған шара шеңберінде жасөспірім кезіндегі жүктіліктің статистикасы және жүктіліктің жетіліп келе жатқан ағзаға теріс әсері, қыздарды болуы мүмкін қателіктерден сақтандыру сұрақтары қамтылды. Мәселемен күресудің ең жақсы жолы оның алдын-алу. Профилактикалық медицина мектебі өте қызықты өтті, жасөспірімдер өз сұрақтарына жауап ала алды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]