Көкпекті ауданында кәсіптік бағдар беру жұмысы

Көкпекті ауданында кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 9-10 ақпанында Абай облысы Көкпекті ауданы мектептерінде қабылдау комиссиясының әдіскері С.А.Қайгелдинова  және молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Ғалымбеков Д.Ж. кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізді.

Жұмыс барысында оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ» презентациясы ұсынылып, 7 бағыт бойынша мамандарды дайындау, бакалавриатқа қабылдау тәртібі, өту баллдары, медициналық университеттің қарқынды инфрақұрылымдық дамуы туралы толық ақпарат берілді.

Оқушылар берілген ақпаратқа үлкен қызығушылық танытып, әңгімеге белсене қатысты, құжаттарды қабылдау, оқу мерзімі, гранттар, ақылы оқудан грантқа ауысу мүмкіндігі, шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз ету, студенттерге оқуға түсу мәселелері, төлем сомасы бойынша және т.б. сұрақтар қойып, жан-жақты жауап алды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында презентациядан басқа СМУ КеАҚ жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді. Әр оқушы үлестірмелі материалдар алды.

Көкпекті аудандық білім бөлімінің өкілі Сәменова Сабина Байкенқызы сапар үшін шын жүректен алғысын білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]