Профилактикалық медицина мектебі – балалардың профилактикалық медициналық тексерулері

Профилактикалық медицина мектебі – балалардың профилактикалық медициналық тексерулері

Балаларды профилактикалық медициналық тексеру-бұл ауруларды ерте кезеңде анықтауға және аурулардың, қауіп факторларының, қосарлы жүретін аурулардың пайда болуының алдын-алуға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған тексеру. Қазақстанда медициналық тексерулер міндетті іс-шаралар болып табылады. Оларды жүргізу заңнамалық деңгейде жазылған, бұл туралы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекстің 00-бабында айтылған. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер “Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығының негізінде жүргізіледі. Бұл медициналық процедура жұмыс істейтін барлық адамдарға, оқушыларға және әлемнің белгілі бір елдеріне кіретін азаматтарға міндетті түрде жүргізілуі керек.

13.02.2024 ж. профилактикалық медицина мектебі аясында Семей қ. ЖТД кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі, профессор А.А. Дюсупова, оқытушылары Г.Т. Камашева, А.С. Жармұхамедова, В.Т. Ахметова  713 топ ЖТД-интерндерімен бірлесіп №18 және 29 мектептерде білім алушыларды профилактикалық медициналық тексеруден өткізуге қатысты.

Ағзадағы  ақауларды, әртүрлі ауытқулар мен ауруларды уақытында диагностикалап анықтау үшін әр жаста медициналық профилактикалық тексеру маңызды. Жоспарлы профилактикалық тексерулерді өткізіп алмауға тырысыңыз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]