Экономикалық лицейдегі мастер-класс

Экономикалық лицейдегі мастер-класс

Төтенше жағдай кез – келген жерде – көшеде, жұмыста, мектепте, университетте болуы мүмкін. Зардап шегушінің тағдыры көбінесе алғашқы минуттарда – жедел медициналық көмек келгенге дейін шешіледі. Әдетте, жақын жерде таныс адамдар, достар немесе өтіп бара жатқан адамдар болады. Ең бастысы- абдырап қалмау және адамға қалай көмектесу керектігін білу. Бұл жағдайда алғашқы көмек көрсетілмесе, зардап шеккен адамның өмір сүру мүмкіндігі болмауы мүмкін.

2024 жылдың 12 ақпанында Абай облысы ББ Семей қаласы білім бөлімінің “Экономикалық лицейі” КММ-де зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету бойынша мастер-класс өтті. Ұйымдастырушы  КЕАҚ “МУС” симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы, ЖТД 719 топ интерндері болды. Мастер – класқа қазақ және орыс тілдерінде білім алушы 8-11 сынып оқушылары қатысты. Бастапқыда интерндер оқушыларды жарақат түрлерімен, балалар жарақатының өзектілігімен, алдын алумен таныстырды. Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Д.А. Муканова адам ағзасындағы D дәруменінің рөлі туралы ақпарат берді. Кафедра оқытушылары м.ғ.к., доцент Д.А. Муканова, Ж.И. Смагулова, О.Т. Ван және интерндер жарақаттар, тыныс алу жолдарының бітелуі, жүректің тоқтауы (базалық реанимация) кезінде алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын көрсетті. Мастер-класс қатысушылары алған дағдыларын оқытушылар мен интерндердің басшылығымен қайталады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: