Эпилепсия – бүкіл әлемдегі ең көп таралған неврологиялық аурулардың бірі және ақпанның әр екінші дүйсенбісі Халықаралық эпилепсиямен күрес күніне арналған. Ағымдағы жылы бұл күн 12 ақпанға келіп, бұл күні Семей қаласының невролог дәрігерлеріне СМУ Университет ауруханасының Балалар неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ж. Н. Арықова неврология, офтальмология және Оториноларингология кафедрасымен бірлесіп эпилепсияны диагностикалау және емдеу тақырыбында онлайн-баяндама ұйымдастырды. Кафедра ассистенті Биниязова А. А. эпилепсиялық ұстамалары бар науқастарды тексеру алгоритмдері, эпилепсияның диагностикалық критерийлері және оны емдеу принциптері жайлы баяндады. Баяндаманың соңында эпилепсиямен ауыратын науқастарды жүргізуде жиі кездесетін мәселелер туралы пікір алмасу және талқылау болды.