2024 жылғы 09 ақпанда Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасында неврология бойынша журнал клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараны кафедра ассистенті Биниязова Айгерім Абылайханқызы ұйымдастырып, кездесу шашыранды склерозды емдеу тақырыбына арналды. Қатысушылар шашыранды склероз ағымын өзгертетін ем бойынша UpToDate ресурсындағы ұсыныстарды меңгеруді жалғастырды. Баяндамада ШСАӨП тиімділігін бағалау және оны өзгерту принциптері, сондай-ақ ШС бар жүкті әйелдерді жүргізу бойынша ұсыныстар қамтылды. Кездесу нәтижелі өтіп, сұрақтар мен жауаптардан кейін қатысушылар келесі отырыстарға арналған тақырыптарды бекітті.
Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасы, ассистент Биниязова А.А.