2024 жылдың 2 ақпанында “Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері” IX Халықаралық конференциясы “ТМД үздік студенті”халықаралық кітап топтамасының тұсаукесерімен өтті. Конференцияда ТМД-ның үздік студенттері марапатталды. Жобаны Халықаралық студенттер қауымдастығы “Бөбек” жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семей медицина университетінің атынан бұл байқауға “Жалпы медицина” мамандығының 5 курс студенті Anoosha Maqsood қатысты. Ол II дәрежелі дипломмен, “Үздік студент-2024” Халықаралық кітап басылымына өз атын енгізе отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті-2024 төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі-симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы Ковылина Регина Александровна. Университетке және шетелдік білім алушылармен жұмыс жөніндегі мектеп деканы Н.А. Балашкевичке материалдық көмек көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]