14.02.2024 жылы КеАҚ “Семей медицина университеті” ЖББП кафедрасының оқытушылары « Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша шараға Абай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Семей қаласының Құрметті азаматы Алин М.С., облыстық Ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, ғылым докторы, Семей қаласының Құрметті азаматы Тоқаев З.Қ., облыстық білім саласы ардагерлерінің төрайымы, білім беру саласының үздігі Ахметова М.М., денсаулық саласындағы тұрақты комиссияның төрағасы, денсаулық саласының үздігі Мақашев А.Қ., «Қарағайлы» шипажайының бас дәрігері Чегедеков Б.С., КеАҚ «СМУ» Ардагерлер кеңесінің төрайымы, облыстық Ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Құттыбаева С. Т. және «Стоматология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты.Іс-шара барысында қонақтар “Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз” Қазақстанның саясаттағы берік ұстанымы екенін атап, әр адамның ерекшелігі бар екенін, қызығушылығы, мүдделері әртүрлі екенін айтып, өз ой-пікірлерін білдірді. Дегенмен де, қоғамда барлық адам бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынас, сый-құрмет көрсету арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады деген қорытынды жасады.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]