Дұрыс тамақтану – үздік оңалту кепілі

Дұрыс тамақтану – үздік оңалту кепілі

2024 жылдың 3-4 ақпанында кезекшілік кезінде 711 ЖТД дәрігер-интерндері Д.М.Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының ассистенті Ж.К.Дәулетжарованың басшылығымен, кафедраның клиникалық базаларының бірі “Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды Абилитациялау және оңалту орталығы” КММ-де «Дұрыс тамақтану – үздік оңалту кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Жұмыс барысында оңалту кезінде дұрыс тамақтану қажеттілігі туралы келесі мақсаттар мен міндеттер қарастырылды.
Мақсаттары: 1) көрсетілетін қызметті алушыларда дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастыру, адам үшін тамақтанудың маңыздылығын түсіндірді; 2) пайдалы тағамның не екенін және тағамның неге әр түрлі болуы керектігін түсіндірді.
Тапсырмалар:
1. Өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
3. Зиянды тағамға теріс көзқарасты тәрбиелеу.
Нәтижелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары сәтті өткенін атап өткен жөн. Толыққанды “кері байланыс”байқалды.
Осыдан кейін көрнекі брошюралар ұсынылды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар