2024-жылдың 12-ақпанында СМУ КеАҚ Университеттік ауріханасының балалар бөлімінде және Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында Халықаралық эпилепсияға қарсы күрес күніне арналған семинар өтті. Семинарды Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі, дәрігер педиатр, медицина ғылымының магистрі Алибекова Бақытжан Алибековна орталықтың мейірбикелері мен дәрігерлеріне, сонымен қатар кафедраның реабилитолог-резиденттері мен медициналық реабилитация негіздері пәнін өтіп жүрген дәрігер-интерндерге өткізді.
Бұл күн жыл сайын ақпанның екінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Ол ең алғаш 2009 жылы Польшада Эпилепсиямен ауыратындар күні ретінде атап өтіліп, 2015 жылы ол Халықаралық дәреже алды.
Семинар барысында балалар мен ересектерде эпилепсияны тудыруы мүмкін себептері, ұстама кезінде жасауға болмайтын шаралар теория жүзінде айтылып, эпилепсия ұстамасы кезіндегі алғашқы көмек манекенде тәжірибе жүзінде көрсетілді. Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.
1-курс реабилитолог-резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]