Қызылша, көкжөтел және қызамықтың алдын алу бойынша семинар

Қызылша, көкжөтел және қызамықтың алдын алу бойынша семинар

14.02.2024 ж. Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлері үшін қызылшаның алдын алу бойынша семинар өткізілді. Қазіргі уақытта “Ересектердегі жұқпалы аурулар” пәнінде оқитын “Жалпы медицина” факультетінің 5205 тобының студенттері Қазақстандағы қызылша, көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Спикерлер қызылша, көкжөтел және қызамық ауа –тамшылы берілу механизмі бар жұқпалы аурулар екенін еске салды. Қызылша, көкжөтел, қызамық клиникасы, олардың асқынулары егжей-тегжейлі талданды. Бакалаврлар уақтылы және толық вакцинация қызылша, көкжөтел және қызамыққа жеке және популяциялық иммунитетті қамтамасыз етудің негізі екенін атап өтті.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар