«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Абай облысының «Білім бөлімі» ММ арасындағы меморандум аясында Абай облысының аймақтарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. 14-16 ақпан аралығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Қабылдау комиссиясының және Medical Foundation басшысы Толеубаева Қ.С. және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы, PhD Кадирсизова Ш.Б. Мақаншы, Үржар, Аягөз аудандарындағы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шара университет үшін дәстүрлі және мектеп түлектеріне қажет. Болашақ талапкерлерге ресми ақпарат арқылы әрбір білім беру бағдарламасының тартымдылығы туралы, облыстардың жергілікті бюджетінен грант бөлу туралы, 2024 жылға арналған қабылдаудың үлгілік ережесіне өзгерістер, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және арнайы емтихан тапсыру ережелері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар психометриялық тестілеу түріндегі емтихан, университет түлектерін жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер берілді. Қорытындылай келе, мектеп оқушыларына ҰБТ-ны жақсы тапсырып, жоғары оқу орнына түсуге сәттілік тіленді.[/vc_column_text]