Өмірдің бірінші жылындағы балаларды тамақтандыру: заманауи тәсілдері

Өмірдің бірінші жылындағы балаларды тамақтандыру: заманауи тәсілдері

Нәрестелер мен жас балаларды оңтайлы тамақтандыру ғылыми тұрғыдан әлі де салыстырмалы түрде жаңа зерттеу саласы болып табылады және осы салада үнемі жаңа жетістіктер ашылып жатыр. Нәрестелік шақтағы тамақтанудың ерекше маңыздылығы баланың өсуі мен дамуының, негізгі биологиялық функцияларының қалыптасуы мен жетілдірілуінің тез жүретін процестеріне байланысты. Нәрестелерді дұрыс тамақтандырудан туындайтын метаболикалық бұзылулар семіздік, қант диабеті, гипертония, анемия, сүйек минерализациясының бұзылуы және аллергия сияқты аурулардың даму қаупі болып табылады; сондай-ақ өскелең ұрпақтың интеллектуалдық және физикалық дамуының төмендеуі. Әрбір педиатр және дәрігер тамақтану мәселелерін білуі керек және бұл туралы ата-аналарға үйрете алады.

14.02.2024 ж. туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тамақтануы бойынша ақпаратты құрылымдау мақсатында ДСБ АО Семей қаласының №4 емханасында жалпы тәжірибелік учаскелік дәрігерлерлерге, ЖТД-резиденттерге, ЖТД 7-курс интерндеріне арналған м. ғ. к., Семей қаласының ЖТД кафедрасы доцентінің м. а. Г. Т. Камашева балаларды тамақтандыру сұрақтары бойынша оқыту-шеберлік сабағын жүргізді. Осы оқыту-шеберлік шеңберінде білім алушылар тамақтандырудың түрлерінде тамақ көлемін есептеу, тамақтандыру сұрақтары бойынша өз білімдерін бекітті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]