Әлемде артериялық гипертензияның таралуы шамамен 34% құрайды. Ал Қазақстанда артериялық гипертензияның таралу жиілігі, атап айтқанда Алматы қаласында және Алматы облысында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша – 35,8%. Гипертония – бұл өте қауіпті ауру, ол жиі симптоматсыз өтеді. Артериялық гипертония жыл сайын 200 миллион мүгедектік жағдайын анықтайды, асқынулар дамуының ең күшті қауіп факторы болып табылады: инсульт, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек ауруы. Науқас адам симптомдарға мән бермеуі мүмкін, тек асқынулар дамығаннан кейін ғана байқайды. Соңғы жылдары аурудың клиникалық көрінісі “жасаруда”, осы шағымдармен балалар мен жасөспірімдер кардиологқа жиі жүгінуде. Сондықтан артериялық гипертензияның алдын-алу жолдары медициналық тәжірибеде ерекше орын алады және қан қысымының жоғарылауының салдарынан болатын ауыр белгілерерден тез арылудың жалғыз әдісі болып табылады.
16.02.2024 ж. профилактикалық медицина мектебі шеңберінде халықтың айтылған ауру және оның қауіп факторлары туралы хабардар болуын жақсарту мақсатында Семей қаласының ЖТД кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі, профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, Т. М. Беляева, Т.И.Терехова, А. С. Жармухаметова 713 топ интерндерімен бірлесіп осы емханаға жататын халық үшін «Артериялық гипертензияның алдын-алу” тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға айтылған емхананың дәрігерлері де қатысты.
Денсаулық – ең үлкен байлық және оны сақтау керек екенін бәрі есте ұстауы керек. Егер денсаулық болмаса, бақыт та жоқ, көңіл-күй де жоқ… Сау болу сәнге айналды!!!
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]