«СМУ» КеАҚ білім алушыларға арналған іс-шаралар жоспары бойынша 16.02.2024 ж. хирургиялық бейіндегі резиденттер арасында университетішілік олимпиада өткізілд. Аталмыш іс – шараны дипломнан кейінгі білім беру, түлектерді жұмысқа орналастыру және мансабы мектебі деканы Ж.А. Мұсабекова басқарған қызметкерлері, госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасы меңгерушісі М. Ж. Аймағамбетов басқарған ПОҚ ұйымдастырды.. Шақырылған тәуелсіз сарапшылар: «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры А.А. Дюсупов; клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Д. Берікұлы; дипломнан кейінгі білім беру, түлектерді жұмысқа орналастыру және мансабы мектебінің деканы Ж.А. Мұсабекова; дипломнан кейінгі білім беру, түлектерді жұмысқа орналастыру және мансабы мектебі деканының резидентура жөніндегі орынбасары А.Қ. Оразбаева; симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Мұқанова; терапевтік бейіндегі резиденттерден тәуелсіз сарапшы-өкілдер: Майдан Досжан Мұратұлы – «ересектер және балалар кардиологиясы» мамандығының 2 – ші оқу жылы резиденті; Дәулет Қайратұлы Муздубаев, «ересектер және балалар гастроэнтерологиясы» мамандығының 2 – ші оқу жылы резиденті.
Олимпиаданың салтанатты ашылуында Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов, клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Д. Берікұлы, госпиталдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиаданың мақсаты хирургиялық бейіндегі резиденттер үшін қажетті теориялық білім мен негізгі тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін бағалау, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру үшін ынталандыру мен уәждеме беру болды.
Олимпиадаға қатысушылар: 1, 2, 3, 4 оқу жылындағы хирургиялық бейіндегі мамандықтардың резиденттері болды. Хирургиялық бейіндегі әрбір мамандықтан оқу жылдары бойынша кафедраішілік іріктеудің жеңімпаздары ұсынылды. Барлығы 28 резидент қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар университеттің ақпараттық технологиялар орталығы «Кейпс» платформасында тест емтиханын тапсырды. Шұғыл хирургия мәселелері бойынша барлығы 40 тест тапсырмасы енгізілді. Байқаудың екінші кезеңі симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының базасында өтті. Бұл кезеңде 6 станция бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі бағаланды: хирургиялық құралдарды білу, хирургиялық түйіндерді байлау, хирургиялық тігістерді салу, тамырлық тігіс, коникотомия, эндовидеохирургия дағдылары, трахея интубациясы және жүрек-өкпе реанимациясы.
Олимпиаданың екі кезеңі қорытындысы бойынша қазылар алқасы оқу жылдары бойынша олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін әрбір резиденттің жалпы балын есептей отырып, қорытындыланды.
Бағалаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін әр кезеңде қазылар алқасының тәуелсіз мүшелері: терапевтік бейіндегі кафедралардың ПОҚ және резиденттері қатысты. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші оқу жылының резиденттері арасында 1 – орынды Керімтаева Назерке Ерікқызы (балалар хирургиясы, 101 – топ), 2 – орынды Балтек Әли Сәкенұлы (жалпы хирургия, 101 – топ), 3 – орынды Баймурунова Диляра Қуанышқызы (ересектер мен балалар оториноларингологиясы, 101-топ) иеленді. Екінші оқу жылының резиденттері арасында 1 орын – Нұрғазинов Елдос Тимурұлы (жалпы хирургия, 201 топ), 2 орын – Ошақбай Бекзат Сапарғалиұлы (травматология және ересектер мен балалар ортопедиясы, 201 топ), 3 орын – Гафуров Раил Ерінұлы (ересектер мен балалар ангиохирургиясы, 201 топ). Үшінші оқу жылы бойынша 1 орын: Ерінтай Әлішер Қанатбекұлы (балалар хирургиясы, 301 топ), 2 орын – Болатұлы Әлішер (травматология және ересектер мен балалар ортопедиясы, 301 топ), 3 орын-3 орын – Бегелдинов Саян Бекежанұлы (Жалпы хирургия, 301 топ). Жеңімпаздар теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды игерудің жоғары деңгейін көрсетті.
Олимпиада жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Университет басшылығымен олимпиада номинанттарын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында тағылымдамаларға жолдау, одан кейін университеттің клиникалық кафедраларына, УГ – нің бейінді бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру көзделген.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]