Студенттік ғылымды дамыту университет оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. КеАҚ «Семей медицина университетінің» «Медициналық зерттеулердегі ақпараттық технологиялар» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен USMU (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы) базасында жұмыс істейтін «Медициналық білім беруді цифрлық трансформациялау сервисінің ақпараттық технологиялары, медицина ғылымы және телемедицина» Халықаралық студенттік ғылыми қоғамдастығына (СҒҚ) қатысуын жалғастырып келеді.
2024 жылдың 20 ақпанында өткен Халықаралық СҒҚ кезекті отырысында КеАҚ «Семей медицина университетінің» «Медицина» ББ І курс студенті Азанов Феликс «Қазақстанның КМАЖ-не дауыс енгізуді енгізу» тақырыбында баяндама жасады. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы білім беру пәндер кафедрасының доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты И.С.Мұсатаеваның жетекшілігімен жүзеге асырылды. Баяндама барысында көрсетілген ғылыми аппарат: тақырыптың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістері жүйелі де айқын жеткізілді. Отырысқа қатысушылардың назары жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығына аударылды. Сонымен қатар, Феликс зерттеуд барысында алынған ғылыми нәтижелер туралы да баяндап өтті.
Баяндама барысында сарапшылар мен студенттер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, баяндаманы белсенді талқылау жүргізілгеніне қарап ақ, зерттеу жұмысы отырысқа қатысушылардың қызығушылығын тудырғандығын байқауымызға болады. Студенттердің халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуының мұндай тәжірибесі студенттердің ғылыми ізденістеріне үлкен жетістік әкелетініне сенімдіміз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]