Бүгін медицина «Семей медицина университеті» КеАҚ-да медицина ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰЖҒА корреспондент-мүшесі А.З. Дюсуповты еске алуға арналған шұғыл медицина бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның ашылу салтанатында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор А. А. Дюсупов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, университеттің ақылмандар кеңесінің төрайымы Р.Л. Иванова сөз сөйледі. Ауқымды шараға құрметті қонақ ретінде А.З. Дюсуповтың курстастары, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары – медицина ғылымдарының докторы, профессор Ә.Х. Мұстафин, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Абылаев, Ә.Т. Құсайынов, С.С. Дауылбеков, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург Қ.Т. Абылхайыров қатысты.
Конференция аясында пленарлық отырыстан тыс хирургиялық сипаттағы шұғыл жағдайларға, терапевтік бейіндегі шұғыл жағдайларға, шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелеріне арналған секциялар мен постерлік баяндамалар секциясының жұмысы ұйымдастырылды.
Конференцияны өткізудің мақсаты-білім алмасу үшін ақпараттық алаң құру және ауруханаға дейінгі және госпиталь кезеңдеріндегі шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу, осы бағыттардағы ең тиімді стратегияларды әзірлеу және енгізу үшін қажетті материалдық және адами ресурстарды анықтау.
Конференция жұмысына ғылыми баяндамалармен Қазақстанның, Жапонияның, Үндістанның, Бангладеш пен Ресейдің ғалымдары қатысты. Жиын саны 183 адам.
Конференция соңында С.С. Дауылбеков, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор А.С. Керімқұлова, Ә.Т. Құсайынов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Абылаев, «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» медальдерімен марапатталды. Сонымен қатар, пленарлық отырысқа қатысқаны үшін медицина ғылымдарының докторы, профессор Ә.Х. Мұстафинге, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алмас Дюсуповқа, Семей каласы жедел медициналық жәрдем ауруханасы директорының орынбасары Ғ.А. Алибаеваға сертификаттар табысталып, секциялардың модераторлары сөз сөйлеп, конференцияның резолюциясы оқылды.[/vc_column_text]