22.02.24 «МУС» КЕАҚ Өскемен филиалының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының базасында интернатурада оқитын 736 топ студенттері «Вита-1» ЖШС емханасында жастар орталығының жұмысымен танысты. . Орталық психологы студенттерге жасөспірімдер мен жастарға емдік-профилактикалық көмек көрсетуге бағытталған орталық жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Әңгімелесу барысында ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, АҚТҚ-ның алдын алу, суицидтік тенденциялар, сонымен қатар салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау, денсаулықты сақтаудың негізгі факторы ретіндегі мәселелер талқыланды.[/vc_column_text]