12.02.24- 16.02.24ж.ж. аралығында Ішік аурулар және ревматология кафедрасының профессор м.а. Горемыкина М.В., доцент Капанова Г.К. және ассистенттері Берсимбекова Г.Б., Канапиянова Г.Б. КеАҚ «Семей мединицина университетінің» №4 жатақханасында кезекті кешкі кезекшіліктерін өткізді. Кезекші ПОҚ жатақхана корпусының барлық қабаттарын аралап, студенттерден ұсыныстар мен ескертулер алды. Кезекшілік барысында сондай-ақ түрлі тақырыптарға әңгіме жүргізілді: «Полигиповитаминоз: симптомдары және емі. Синтетикалық витаминдердің оң және кері әсері.», «Қоғамдық жерлердегі өзін өзі ұстау ережелері», «Номофобия. Жастар арасындағы ойынға тәуелділік». Білім алушыларға қазіргі заманға сәйкес рацинальді ем принциптерін сақтау туралы нұсқаулықтар берілді; қоғамдық жерде өзін өзі қалай дұрыс ұстау екендігі жайлы ескертпелер берілді, сондай-ақ түрлі ұлт пен дін арасындағы дұрыс қарым қатынас жайлы. Сондай-ақ қазіргі кезде жастар арасында гаджеттер мен телефондарға тәуелділік мәселесі өршуде. Бұл қазіргі заманның фобиясы. Студенттер әңгімеге белсене араласып, өздерінің сұрақтарын қойып, оқытушыларды қызыға тындады.[/vc_column_text]