Кешенді оңалтуда медициналық және әлеуметтік-педагогикалық әдістемелер бар. Солардың бірі кондуктивті терапия, ол жақсы нәтижелер беріп жатыр.
Кондуктивті педагогиканың мақсаты-танымдық қабілеттерін дамыту, командалық бірлестікті жақсарту, таланттарды ашу. Яғни, пациенттерді медициналық оңалтудан басқа, адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту өте маңызды, мысалы, тұрмыстық, әлеуметтік өмір, демалыс, ойын, оқу, шығармашылық.
Біз осы әдістемені пайдалана отырып, “Бочча” бойынша спорттық жарыстарды, логикалық ойындарды және қызметалушылардың қатысуымен өтетін коцерттік бағдарламаларды өткізіп жатырмыз.
Біз “Д.М. Түсүпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитация” кафедрасының резидент-реабилитологтары «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында» практика өтудеміз. Бұл жерде 22 ақпанда “Отан қорғаушылар күніне “ концерт түрінде іс-шара өткізді. Оған ересектер бөлімінің қызметалушылары қатысты. Аталған шарадан кейін барлығы жақсы көңіл – күйде қалды.
Осындай әдістерден кейін біз эмоционалдық саланың жақсаруы, жеке қасиеттерді дамыту және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру сияқты нәтижелерді көреміз. Бұл реабилитациядағы негізгі мақсаттарының бірі.
Врач-резидент реабилитолог Хасенова Балнұр[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


